Целиноград ауданында «АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің сервистік орталығы ашылды - Ақмола облысы

Аудан орталығының бас көшелерінің бірінде ашылған 2 қабатты сервис орталығы барлық талаптарға сай. Ғимараттың бірінші қабатында төлемдер қабылдайтын касса мен терминалдар орналасқан. Сондай-ақ, мұнда электр қуатына арналған тарифтер жөнінде ақпараттар орналастырылған тақтайша мен келісім-шарт банкілерін, құжаттарды толтыру үшін қажетті түпнұсқалар қойылған.
Ал, екінші қабаты қызметтік бөлмелерге арналған.
«АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-нің директоры Елена Смыктың айтуына қарағанда, Астананың іргесінде орналасқан елді мекен үшін осындай орталықтың ашылуының маңызы зор. Уақыт өткен сайын тұрғын үйлер мен өндіріс орындары көптеп салынып, қарқынды дамып келе жатқан Ақмол аулында электр қуатына сұраныс артып, тұтынушылар саны көбейіп келеді.
«Сервистік орталықта жеке және заңды тұлғаларға пайдаланылған электр қуаты үшін төлемақы қабылдау, электр қуатын жеткізіп беру үшін келісімшарт жасау бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар төлемақы мен қарыздары тәрізді қажетті ақпарат ала алады»,- дейді мекеме басшысы.