Целиноград ауданында жүк көлік жүргізушісіне қарулы шабуыл жасалды

КӨКШЕТАУ. Ақпанның 25-і.ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің деректері бойынша Целиноград ауданына қарасты Семеновка ауылы маңында «КамАЗ» жүк көлігінің жүргізушісіне оқ атылып, ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«КөкшетауАрасансу» акционерлік қоғамының жүргізушілері астаналық тұтынушыларға арасан жүгін жеткізіп кері оралып келе жатқанда, қылмыскерлер тасада тосып алып, мылтық атқан. Артынша олар іздерін жасырып үлгерген. Тек аман-сау қалған экспедитор ұялы телефонымен полиция қызметкерлеріне хабарлаған. Әзірше анығы қарақшылар «БМВ» көлігімен қашып кеткен. Қазір арнайы іздестіру жедел тобы жасақталып, тергеу амалдары қарастырылуда. Осыдан апта бұрын Степногор қаласына қарасты Бестөбе кентінде рудник басшысының көлігіне оқ жаудырылып, көлік істен шығып, адамдар аман қалған болатын. Ол оқиғаға қатысты қылмыскерлер де әлі іздестірілуде.
Соңғы жаңалықтар