19:46, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
Цеснабанк «World Finance 100» наградасын ТМД елдері арасында бірінші болып иеленді
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Цеснабанк британдық World Finance журналының жылсайынғы жобасында әлемнің жетекші 100 компаниясы мен көшбасшысы тізіміне кіріп, аталған мәртебелі награданы ТМД елдері арасында бірінші иеленген банкке айналды.
«2012 жылы қаңтарда біздің банкке 20 жыл толады және де осындай атаулы кезеңде мәртебелі халықаралық наградаға ие болып отырмыз. Яғни, біздің даму моделіміз өзінің тұрақтылығын көрсетіп отырғандығына сенімдіміз», - дейді банк басқармасының төрағасы Дәурен Жақсыбек.
Айта кетейік, өткен жылы банк сауатты стратегия жүргізуінің арқасында еліміздегі банк активтері бойынша ірі сегіздікке кірді. Сонымен қатар, шетелдік инвесторлардың сенімін ақтаған Цеснабанк, Қазақстан банктерінің ішінде алғашқы болып сыртқы ірі зайымдарын толығымен уақытылы өтеді.