«Цеснабанк» жаңа даму стратегиясын жариялады

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Цеснабанк» АҚ-ы жаңа даму стратегиясын жария етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл қаржы институты 2006-2007 жылдары агрессивті өсім стратегиясын жемісті жүзеге асырған болатын. Елге «Цеснабанк» брэнді сол кезде таныла бастады, ауқымды филиалдар желісі құрылып, өнім желісі айтарлықтай артты. Сонымен қатар, өсім сапасы басқарылып отырды. Оған банктің қазіргі тұрақтылығы дәлел бола алады. Басқарма төрағасы Дәурен Жақсыбектің айтуынша, олар биыл тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында: ішкі бизнес-процестерді оңтайландыру, технологияларды дамыту, шығындарды қысқарту және табыс көзін арттыру арқылы сапа өсіміне ден қоймақ. Дамудың басым бағыттарының бірі ? тәуекел менеджменті жүйесін жетілдіру болады. «Банк активтерінің құрылымының тұрақтылығын сақтау саясатын жүргізіп, несие қоржыны сапасын объективті бағалауды және резерв қалыптастыруды жалғастырады. Сапалы өсімді қолдау міндетін алға қойып отырмыз және активтер өсімі салыстырмалы түрде алғанда айтарлықтай деңгейде бола қоймайды деп отырмыз. Біз пассивтер құрылымында ең тұрақты ресурстық база ? клиенттердің депозиттері мен ағымдағы есеп-шоттары, қосымша табыс, банк капиталын арттыру есебінен өсуді жоспарлап отырмыз. Баланстың активтік бөлігіне келер болсақ, несиелік саясатымызды айтарлықтай күшейттік және несие қоржынының өсімі де анағұрлым сапалырақ болмақ. 2009 жыл қорытындысы бойынша банк міндетті түрде пайда табады деп күтеміз», дейді Дәурен Әділбекұлы.
Соңғы жаңалықтар