«Цеснабанктің» алғашқы тоқсандағы таза табысы 859 миллион теңгені құрады

АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алғашқы тоқсанда «Цеснабанктің» несие қоржыны 6,2 пайызға ұлғайып,
None
None
таза табысы 859 миллион теңгені құрады. Бүгін Алматыда алғашқы тоқсандағы аудиттелмеген шоғырландырылған қаржылық есеп қорытындысын жариялаған банктің Басқарма төрағасы Дәурен Жақсыбек осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Наурыздың 31-індегі деректер бойынша, Цеснабанктің меншікті капиталы үш айда 574 миллион теңгеге өсіп, 15 640 миллион теңгеге жетті. Ал таза табыс 859 миллион теңгені құрап отыр. Банктің шоғырланған активтері 1,71 пайызға, несие қоржыны 6,2 пайызға ұлғайған. «Алғашқы тоқсанда стандартты несиелер үлесі 69,8 пайыздан 70,2 пайызға өсіп, күмәнді несиелердің үлесі 25,8 пайыздан 25,7 пайызға, сенімсіз несиелер 4,3 пайыздан 4,1 пайызға азайды. Клиентердің депозиттері мен ағымдағы есеп-шоттары банктің тұрақты негізгі қорландыру көзі болып қалуда. Халықтан тартылған мерзімді депозиттер үш айда 6 пайызға немесе 1,6 миллиард теңгеге артып, 26,6 миллиард теңгеге жетті», - дейді «Цеснабанк» АҚ-ның Басқарма төрағасы Дәурен Жақсыбек. Мұндағы таза пайыздық табыс наурыз айының соңында 2 509 миллион теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда 918 миллион теңгеге артық. Банктің сыртқы қарызы өз міндеттемелерінің 20,5 пайызын құрайды. Ол Қазақстанның банктік секторының қаңтардың 1-індегі жалпы көрсеткішінің 44,9 пайызы деңгейінде. Қаржы институты өткен жылы сыртқы міндеттемелерінің елеулі бөлігін (70 миллион доллар) өтеді. Биылғы төлем 15,6 миллион долларды құрап отыр. Дәурен Әділбекұлының айтуынша, банк «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатты екінші деңгейлі банктер арасынан бірінші болып игерді. Мәселен, 3-ші транш бойынша 57 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде жалпы құны 1,8 миллиард теңге болатын 35 жоба астаналық шағын және орта бизнес өкілдеріне тиесілі. «Цеснабанк» ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры тарапынан бөлінген қаражатты да толық игеріп шықты.
Соңғы жаңалықтар