Чадтың бұрынғы премьер-министрі 20 жылға бас бостандығынан айырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Чад соты 2024 жылғы қаңтар мен мамыр аралығында үкіметті басқарған бұрынғы премьер-министр Сюксэ Масраны 20 жылға бас бостандығынан айырып, 1,6 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды, деп жазады ТАСС.

Бұл туралы елдің Alwihda жаңалықтар порталы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Масра қарулы көтеріліске үндеу жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Іс материалдарында 2023 жылы Сюксэ Масраның сөйлеген сөзінің аудиожазбасы айғақ ретінде келтірілген. Алайда қорғау тарапы бұл сөйлемдер контекстен үзіліп алынған және терроризмге қарсы күреске қатысты болғанын алға тартты. Прокуратура оған 25 жыл түрме жазасын сұраған болатын.
Соттағы соңғы сөзінде Чадтың жетекші оппозициялық партиясының жетекшісі Масра өз жақтастарын сабыр сақтауға шақырды. Ол биылғы жылдың 16 мамырында тұтқындалған еді.
41 жастағы Сюксэ Масра 2024 жылдың көктемінде өткен президенттік сайлауда 18,5% дауыс жинап, қазіргі президент Махамат Идрис Деби Итного жол берген. Оппозиция лидері сайлау нәтижесін мойындаудан бас тартқан болатын.
Осыған дейін хабарланғандай,