«Challenger-200» ұшағы апатының себебін тексеру бойынша комиссия өз жұмысына кірісті

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов «Алматы қаласының әуежайы маңында CRJ 200 LR ұшағының апатқа ұшырау себебін тексеру жөніндегі үкіметтік комиссия құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.
None
None

ҚР ККМ мәліметіне қарағанда, Комиссияға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жетекшілік етеді. Оның құрамына Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиев, Бас прокуратура, Бас көлік прокуратурасы және басқа мемлекеттік органдардың өкілдері кіріп отыр. Қазіргі уақытта комиссия апаттың себебін анықтау жұмысына кірісіп кетті.

Ұшақ туралы ақпарат: CRJ 200LR (борт.нөмірі: UP-CJ006) 2000 ж/ж, зауыт нөмірі - 7413. Пайдалануға берілгеннен бергі ұшу сағаты - 25707 сағат, 22975 рет ұшып-қонған. Соңғы рет 2011 жылдың 26 маусымында жөндеуден өткізілген. Ұшу жарамдылығы сертификатының мерзімі - 20.09.2013 дейін.

Соңғы жаңалықтар