Чанаккале бұғазында кемелердің қозғалысы уақытша тоқтатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркияның көлік және инфрақұрылым министрлігі Чанаккале-Кепез аймағындағы орман өртіне байланысты Чанаккале бұғазында кемелердің оңтүстік-солтүстік бағыттағы қозғалысы уақытша тоқтатылғанын хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Анадолы ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
None
Фото: aa.com.tr

Қозғалыс екі бағыттан бір бағытқа ауысты.

«Жағалау қауіпсіздігі Бас басқармасының құтқарушы кемелері өрт теңіз жағалауын шарпыған жағдайда ықтимал араласуға толық дайын», - делінген министрліктің бұл туралы жасаған мәлімдемесінде.

Осыған дейін Грекияның солтүстік-шығысындағы Дадия ұлттық саябағында орман өртінен кейін 26 адамның мәйіті табылғаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар