ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын бесінші сайтқа айналды
АСТАНА. KAZINFORM — Similarweb компаниясының рейтингіне сәйкес, ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын сайттар тізімінде бесінші орынға ие болды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Агенттік шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, ChatGPT сайтында пайдаланушылар орта есеппен 7 минут 15 секунд уақыт өткізеді, бір кіру барысында олар әдетте 4,15 бетті қарайды. Сайтқа кіріп, тек бір бетті көріп шығатын пайдаланушылардың үлесі 29,59 пайызды құрайды.
Рейтингте бірінші орынды Google іздеу жүйесі иеленді, онда пайдаланушылар орта есеппен 10 минут 31 секунд уақыт өткізеді. Бір кіру кезінде олар әдетте 8,91 бетті қарайды, ал бір бетті көріп шығып кететіндердің үлесі — 26,57 пайыз.
Екінші орында YouTube тұр. Платформада орташа сеанс ұзақтығы 20 минут 18 секундты құрайды, пайдаланушылар орта есеппен 13,15 бетті қарайды. Тек бір бетті көріп шығып кететіндердің үлесі — 20,49 пайыз.
Үздік үштікте Facebook және Instagram әлеуметтік желілері бар. Facebook-те пайдаланушылар орта есеппен 10 минут 42 секунд, ал Instagram-да 8 минут 37 секунд уақыт өткізеді. Бір кіргенде Facebook-те 13,53 бет, Instagram-да 13,38 бет қаралады. Facebook-тен бірден шығып кететіндердің үлесі 29,78 пайыз, ал Instagram-да бұл көрсеткіш 33,12 пайыз шамасында.
Айта кетейік, ChatGPT-ге құпияңды айтуға болмайды. Kazinform тілшісіне дәл осылай деп пікір білдірген IT маманы Ғасыр Құралбайұлы мұның себебін түсіндірді.