ChatGPT арқылы діни сұрақтарға жауап алуға болмайды — Өзбекстан мұсылмандары басқармасы

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан мұсылмандары басқармасына қарасты Пәтуа орталығының қызметкерлері жасанды интеллект діни сұрақтарға толық жауап ұсына аламайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

жасанды интеллект
Фото: pixabay

— Жоқ, бұған жол берілмеуі тиіс. ChatGPT платформасы кейбір сала мамандарына пайдалы болғанымен, ол діни сұрақтарға дұрыс әрі нақты жауап қайтара алмайды. Өйткені, бұл адам қолымен жасалған өнім. Жасанды интеллект белгілі бір кітаптарға сілтеме жасай отырып, жауапты тек жобалап ұсынады. Бірақ ChatGPT келтіретін ақпарат ресми кітаптар мен өзге де дереккөздерде кездеспейді. Сондықтан шариғат мәселелері бойынша білімді мамандардың көмегіне, кеңесіне жүгіну орынды, — делінген Пәтуа орталығы жариялаған түсіндірмеде.

Еске салайық, ChatGPT-ді әзірлеген OpenAI жасанды интеллект компаниясы Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді. Ел тұрғындары оны 2023 жылдың қараша айынан бастап пайдаланып келеді.

Соңғы жаңалықтар