ChatGPT Қазақстанда салық төлейтін болды

АСТАНА. KAZINFORM — ChatGPT бұдан былай Қазақстанда қосымша құн салығын төлейтін болды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті.

салық
Фото: pixabay.com

— Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық экономикада ашықтық пен әділ салық салуды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді, — делінген хабарламада.

Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге арналған жасанды интеллект курсы басталды.

Соңғы жаңалықтар