ChatGPT-ге қылмыс туралы хабарлаған АҚШ студенті сотталды

АСТАНА.KAZINFORM - АҚШ-та жасанды интеллектпен (ЖИ) хат алмасу сот ісінде басты айғақ ретінде қолданылды, деп хабарлайды Bild.

ChatGPT
Фото: АЗЕРТАДЖ

Миссури университетінің 19 жастағы студенті кампус аумағында бүлік жасап, 17 көлікті зақымдап, терезелерін сындырған.

Бейнебақылау камералары оның қылмыс орнында болғанын көрсетті, бірақ шешуші дәлел оның ChatGPT-мен хат алмасуы болды. Оқиғадан көп ұзамай студент чат-боттан түрмеге түсемін бе деп сұраған. Сонымен қатар ChatGPT-ге «түкке тұрғысыз көліктерді» сындырғанын мойындаған.

Тергеушілер хат алмасуды өз кінәсін мойындау деп санады.

The Smoking Gun атап өткендей, тергеушілер хат алмасуды оқуға күдіктінің келісімімен қол жеткізген.

Студент қамауға алынып, оған мүлікке қасақана зиян келтірді деген айып тағылды. Ол Грин округінің түрмесінде қамауда отыр, бірақ 7500 доллар кепілге босатылған.

ChatGPT-мен жеке сөйлесулер заңмен қорғалмаған және сотта қолданылуы мүмкін екенін бұған дейін хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар