ChatGPT-пен жазысуды сотта пайдалануға болады

АСТАНА. KAZINFORM — ChatGPT-пен жеке әңгімелесу заңдық кепілдіктермен қорғалмайды және оларды сот процестерінде пайдалануға болады.

Қазақстанда 1 тамыздан бастап ChatGPT-ге жазылу құны ҚҚС-қа байланысты қымбаттайды
Фото: Азертадж

Бұл туралы чат-бот әзірлеушісінің басшысы америкалық комик Тео Вонға «This Past Weekend» подкастында ескертті, деп хабарлайды Business Insider.

OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман сұхбатында құпиялық мәселесін «ауқымды проблема» деп атап өтті. Ол терапевттермен, заңгерлермен немесе дәрігерлермен жүргізілетін әңгімелер заңды түрде қорғалатынын, ал ChatGPT-мен болған сөйлесулердің қазіргі уақытта мұндай құқықтық кепілдікке ие емес екенін айтты.

— Егер сіз ChatGPT-ке «ең құпия нәрселер» туралы айтып, содан кейін сотқа тартылсаңыз, біз бұл ақпаратты беруге мәжбүр болуымыз мүмкін, — деп ескертті ол.

Business Insider жазуынша, OpenAI саясатына сәйкес ChatGPT көмегімен пайдаланушы чаттары 30 күннен кейін серверден біржола жойылады. Алайда кейде чаттар «заңды және қауіпсіздік себептері» бойынша сақталуы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстанда 1 тамыздан бастап ChatGPT-ге жазылу құны ҚҚС-қа байланысты қымбаттайтынын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар