Чехия Сыртқы істер министрі: Біз Қазақстанға жылқы тұқымын түрлендіруге көмектесеміз

АСТАНА. KAZINFORM – Чехия Қазақстанмен жеткізу тізбегіндегі аса маңызды шикізат өндірісін саласында әріптестік орнатуға ниетті. Чех Республикасының Сыртқы істер министрі Ян Липавский Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен өткен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне осындай мәлімет берді. 

Чехия Сыртқы істе министрі: Біз Қазақстанға жылқы тұқымын түрлендіруге көмектесеміз
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

«Энергетика, инжиниринг, суыл шаруашылығы сияқты салаларда өзара ықпалдастық дамып келеді. Белгілі бір нәтижелер де бар. Skoda, Total Eng сияқты компаниялар Қазақстан нарығында баяғыдан жұмыс істеп келеді. Тағы екі компания жуықта Қазақстан жұмыс істеп бастайды. Біз, сондай-ақ, жер қойнауын игеру, жеткізу тізбегіндегі аса маңызды шикізат материалдарын өндіру салаларындағы әріптестіктің зор әлеуетін көріп отырмыз. Бұл бағыттар біздің әріптестіктің тағы бір маңызды бағыты болады деп үміттенеміз», - деді.

Чехия министрі ғылым саласындағы екіжақты байланыстарға тоқталды.

«Бүгінгі кездесу кезінде ғылыми зерттеу, бизнес байланыстарды дамыту мәселесінде әріптестікті нығайту туралы келісімге келдік. Сондай-ақ Астанада Чех және Қазақстан Республикаларының арасында бірлескен зерттеу институтын құрмақшымыз. 

Пржевальский жылқысының тұқымын Қазақстанда жандандыру жобасының сәтті іске асырылып бастағанын атап өткім келеді. Бұл жылқы тұқымы Қазақстанда да танымал болады деп үміттенемін. 2024 жылдың шілде айында Прагадан Қазақстанға алғашқы жеті жылқы жіберілген. Келесі жылы 30-40 бас жылқы тағы жіберу жоспарланып отыр. Біз Қазақстандағы жылқы тұқымын түрлендіруге көмектесеміз, керқұландарды Қазақстанға оралтамыз деп үміттенеміз», - деді Ян Липавский.

Еске сала кетейік, Чехия Сыртқы істер министрінің Қазақстан-Чехия ынтымақтастығының әлеуеті зор екенін айтқанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар