Чехияда егін жинайтын жұмысшылар тапшы

АСТАНА. KAZINFORM — Чехияның ауыл шаруашылығы саласы жұмыс күшінің жетіспеушілігінен зардап шегіп жатыр. Бұл әсіресе егін жинау маусымы басталған кезде айқын көрінді, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

трактор, ауыл шаруашылығы
Фото: Азертадж

Jenpráce.cz жұмыспен қамту сайтындағы мәліметке сәйкес, ауыл шаруашылығында жұмысқа деген қызығушылықтың төмендеуі еңбектің ауырлығына сәйкес келмейтін төмен жалақыға байланысты.

Ресурстың деректері бойынша, аграрлық сектордағы жалақы ел бойынша орташа көрсеткіштен 13 мың кронға (520 еуро) төмен.

Чех статистика басқармасының мәліметі бойынша, биылғы жылдың бірінші тоқсанында салық алынар алдында елдегі орташа жалақы 46 924 чех кронасына (1877 еуро) тең болған.

Жаз айларында ең көп жұмысшы егін жинау, сұрыптау және егінге күтім жасау жұмыстарында жетіспейді.

Мал шаруашылығы саласында жағдай ұқсас —  ірі қара мал мен жас малға күтім жасайтын қызметкерлер қажет.

Бұл ретте кадр тапшылығы мәселесін фермерлік шаруашылықтар заманауи технологияларды енгізу және маусымдық жұмысшыларды тарту арқылы шешуге тырысады.

Бұған дейін Чехияда коммунизмді насихаттауға тыйым салынғаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар