Чехияда жаңа мемлекеттік визуалдық стиль бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Келесі жылдың сәуір айына қарай Чехияның барлық мемлекеттік органы үкімет бекіткен жаңа мемлекеттік визуалдық стильді толық енгізеді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

2025 жылдың соңына дейін мемлекет туралы визуалдық сәйкестендіру элементтерін қандай жағдайда және қалай қолдану керектігі жөнінде нұсқаулық та дайындалады. Осылайша Чехия Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Швеция сияқты өзіндік ерекше визуалдық стилі бар елдердің қатарына қосылады.
Мемлекеттік тапсырыспен Studio Najbrt компаниясы әзірлеген чех фирмалық стилінің негізгі элементі — арыстан бейнеленген логотип. Бұл символ қызыл тікбұрышты қалқаны, оның шетінде көк жолақ (чех триколорына сәйкес) және үстіңгі бөлігінде өрмелеп тұрған ақ екіқұйрықты арыстанды көрсетеді.
Қарапайым нұсқада көк контрастты жолақ жоқ, бірақ көк түс жазуларда қолданылады, ал жазу үшін арнайы «Czechia Sans» атты шрифт жасалған.
Чехия Сыртқы істер министрінің басшысы Ян Липавскийдің айтуынша, жаңа фирмалық стиль заманауи графикалық дизайн талаптарына сай болуы ғана емес, сонымен қатар геральдикалық элементтерді сақтап, мемлекеттік рәміздермен қайшылықсыз әрі мемлекеттік басқару жүйесінің ұлттық ерекшелігіне сәйкес болуы маңызды болған.
Бұдан бұрын Чехияда аптап ыстықтан қоймадағы оқ-дәрілер жарыла бастағанын хабарлаған едік.