Чехиялық компаниялар Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі – Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат – Чехиялық компаниялар Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға ниетті. Мұны Чех-Қазақстан бизнес-формуына қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чехиялық компаниялар Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға мүдделі – Үкімет басшысы

«Чех Республикасының ең ірі кәсіпорыны Қазақстанда өз бизнесін кеңейтуге мүдделі. Елімізде көлік саласындағы маңызды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отырған «Škoda Transportation» сияқты компаниясы бар», - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы индустрияландыру бағындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін «Траско» сияқты компаниялармен серіктестік орнатылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, Чех Республикасының әскери-өнеркәсіптік кешенің мамандары қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасуға ниетті.

«Іске қосылатын жобалар Қазақстандағы қолайлы инвестициялық жағдай жасалғанын дәлелдейді», - деп тоқталды Әлихан Смайылов.

Бүгінгі форум Қазақстан мен Чех Республикасы арасындағы өзара тауар айналымы мен инвестициялардың көлемін ұлғайтуға ықпал етпек. Сонымен қатар, серіктестік аясында жаңа жобаларды қолға алу жоспарланып отыр.

Бұған қоса, Үкімет басшысы өткен жылы Қазақстан мен Чехия арасындағы тауар айналымы 67%-ға өскенін атап өтті. Сондай-ақ, 15 жылда чехиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 270 млн доллар инвестиция салған.