«Челси» — футболдан UEFA Конференция лигасының чемпионы
АСТАНА. KAZINFORM — Англияның «Челси» командасы футболдан UEFA Конференция лигасының чемпионы атанды.

Англиялық клуб финалда Испанияның «Бетис» командасын 4:1 есебімен тізе бүктірді.
Бірінші кезеңде испаниялық клуб сәтті ойын көрсетті. Алғашқы болып олардың қатарынан Эз Абде 9-минутта мергендік танытты. Одан кейін «Челси» таразы басын теңестіруге ұмтылды. Дегенмен бірінші кезеңде ол мақсатына жете алған жоқ.
Екінші кезеңде англиялық клуб қатарынан төрт гол соғып кетті. Оны Энцо Фернандес 65, Николас Джексон 70, Джейдон Санчо 83, Мойсес Кайседо 91-минутта өзінің еншісіне жазды.
Осылайша «Челси UEFA Конференция лигасының 2025 жылғы чемпионы атанды. Олар бұған дейін 2012, 2021 жылдарда Чемпиондар лигасын жеңіп алса, 2013, 2019 жылдарда Еуропа лигасында жеңімпаз болды. Нәтижесінде үш еурокубокта кубокты төбесіне көтерді.
Ал «Бетис» өз тарихында алғаш рет еурокубок ойындарында алғаш рет финалға шықты.
Конференция лигасы турнирі 2021 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Рома» (Италия), «Олимпиакос» (Грекия) командалары бір-бірден кубокты иеленді.