Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» әйелдер клубы «Ромаға» есе жіберді

АСТАНА.KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ақтөбе» алғашқы ойынын өткізді.

Чемпиондар лигасы: «Ақтөбе» әйелдер клубы «Ромаға» есе жіберді
Фото: Kffleague.kz

Ақтөбелік клуб жарыстың аталған сатысында Италияның «Рома» клубымен шеберлік байқасты. Кездесу барысында қазақстандық команда қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Енді олар «Спарта» (Прага, Чехия) мен «Норшелланн» (Фарум, Дания) жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Ал «Рома» аталған жұптың жеңімпазымен жасыл алаңға шығады. Екі ойын да 30 тамызға белгіленген.

Ал «Ақтөбе» 2014 жылдан бері ел біріншілігінде бақ сынап жүр. 2024 жылы күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы қола медаль алған еді. Биыл еурокубок ойындарына алғаш рет қатысып отыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы: БИІК әйелдер клубы «Катовице» командасынан жеңілді.

Финал 026 жылдың мамыр айында Норвегия астанасы Осло қаласындағы «Уллевол» стадионында өтеді.

Соңғы жаңалықтар