Чемпиондар лигасы: «Барселона» «Боруссия Дортмундтың» осал тұсын таба ала ма
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары аясында екі көздесу өтеді.

Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады.
Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Астон Вилла» (Англия) шеберлік байқасады. Бұл ойын «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ал тағы бір жұпта «Барселона» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия) кездесуі белгіленген. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Айта кетсек, алғашқы ойын күнінде англиялық «Арсенал» өз алаңында испаниялық «Реал Мадридті» 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, германиялық «Бавария» италиялық «Интерге» 1:2 есебімен жол берді.
Қарымта ойындар 15 және 16 сәуірге белгіленген.
Биылғы маусымда аталған турнир жаңа ереже бойынша өткізіліп жатыр. Жалпы кезеңде алғаш рет 36 команда ойнап, алғашқы он екі орынға ие болғаны бірден 1/4 финалға жолдама алды. Қалған он екісі 1/8 финалда бақ сынады.
Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц арена» стадионында өтеді.