Чемпиондар лигасы: «Барселона» Украинаның «Шахтерінен» басым түсті
Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің үшінші турында «Барселона» өз алаңында Украинаның «Шахтерінен» басым түсті, деп хабарлайды Kazinform.
Испаниялық клуб доп додасын сәтті өткізіп келеді. Әзірге бірде-бір ойында жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Бұл жолы украиналық «Шахтерді» 2:1 есебімен сүріндірді.
Сондай-ақ, тағы бір кездесуде Англияның «Манчестер Ситиі» жеңісті жолын жалғастырды. Англиялық клуб үшінші турда сырт алаңда Швейцарияның «Янг Бойз» клубынан 3:1 есебімен басым түсті. Нәтижесінде үшінші жеңісін тойлады.
3-турдағы ойын нәтижесі төмендегіше:
E тобы: «Фейеноорд» (Нидерланд) - «Лацио» (Италия) 3:1, «Селтик» (Шотландия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 2:2.
F тобы: «Ньюкасл Юнайтед» (Англия) - «Боруссия Дортмунд» (Германия) 0:1, «Пари Сен-Жермен» (Франция) - «Милан» (Италия) 3:0.
G тобы: «РБ Лейпциг» (Германия) - «Црвена Звезда» (Сербия) 3:1, «Янг Бойз» (Швейцария) - «Манчестер Сити» (Англия) 1:3
H тобы: «Барселона» (Испания) - «Шахтер Донецк» (Украина) 2:1, «Антверпен» (Бельгия) - «Порту» (Португалия) 1:4.
Енді төртінші тур ойындары 7 және 8 қараша күндері өткізіледі.
Еске салсақ, бүдан бұрын Чемпиондар лигасында «Бавария» сырт алаңда «Галатасарайдан» басым түсті.