Чемпиондар лигасы: БИІК әйелдер клубы «Катовице» командасынан жеңілді

АСТАНА.KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық БИІК (Шымкент) алғашқы ойынын өткізді.

Чемпиондар лигасы: БИІК әйелдер клубы «Катовице» командасынан жеңілді
Фото: «Ақтөбе» футбол клубы

Жарыстың аталған сатысында қазақстандық команда Словенияның «Катовице» командасымен шеберлік байқасты. Қарсылас сапынан Александра Несиаг 23, 38-минутта мергендік танытты. Осылайша шымкенттік клуб қарсыласына 0:2 есебімен жол берді.

БИІК командасы 2009 жылдан бері Чемпиондар лигасында ел намысын қорғап келеді. 2017, 2018, 2019 жылдары 1/8 финалға дейін жетті. Шымкенттік клуб ел біріншілігінде 13 мәрте чемпиондық атақты жеңіп алды.

Қазір еліміздің футболдан әйелдер арасындағы ел біріншілігінде «Ақтөбе» мен БИІК алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр. Енді еліміздің атынан «Ақтөбе» клубы 18:00-де Италияның «Рома» клубымен шеберлік байқасады.

«Ақтөбе» 2014 жылдан бері ел біріншілігінде бақ сынап жүр. 2024 жылы күміс жүлдегер атанса, 2018 жылы қола медаль алған еді. Биыл еурокубок ойындарына алғаш рет қатысқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар