Чемпиондар лигасы: «Боруссия Дортмунд» 11 жылдан кейін финалға жолдама алды

спорт
Фото: championat.com/

АСТАНА. KAZINFORM - Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы футболдан UEFA Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты.

Германиялық команда жартылай финалда Францияның «Пари Сен-Жермен» клубымен кездесті.

Ойын барысында 50-минутта «Боруссия Дортмунд» сапынан Матс Хуммельс соққан жалғыз гол кездесу тағдырын шешті.

Осылайша олар қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Алғашқы кездесуде германиялық клуб 1:0 есебімен басым түскен еді.

«Боруссия Дортмунд» командасы 1997 жылы Чемпиондар лигасында топ жарған еді. Енді 11 жылдан кейін финалға шығып отыр.

Сондай-ақ, 8 мамырда «Бавария» мен «Реал Мадрид» кездеседі. Олар алғашқы кездесуде 3:3 есебімен тең ойнады.

Соңғы жаңалықтар