Чемпиондар лигасы: Бүгін «Барселона» мен «Интер» ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 30 сәуірде UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы екінші ойын өтеді.

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» ширек финалға шықты
Фото: Pixabay.com

Бұл кездесуде «Барселона» (Испания) мен «Интер» (Итадия) шеберлік байқасады. 

Ойын Қазақстан уақытымен 23:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 10 мәрте кездесті. Оның 5-де испаниялық клуб басым түссе, тағы 3 мәрте тең түсін, қалғанында италиялық клуб үш ұпай олжалап кетті.

«Барселона» сапында қорғаушы Алекс Бальде, жартылай қорғаушы Марк Берналь, Марк Касадо, шабуылшы Роберт Левандовски жарақатына байланысты бүгін командасына көмектесе алмайды.

Ал «Интер» қатарында қорғаушы Бенжамен Павар мен жартылай қорғаушы Валентин Карбони жасыл алаңға шықпайды. 

Екі команда 6 мамырда қарымта ойын өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын жартылай финалдағы алғашқы кездесуде англиялық «Арсенал» Францияның «Пари Сен-Жерменіне» 0:1 есебімен жол берді.

Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Мюнхен арена» стадионында болады.

Соңғы жаңалықтар