Чемпиондар лигасы: «Интер» «Атлетико Мадрид» клубын жеңіп кетті
АСТАНА. KAZINFORM – Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
20 ақпанда өз алаңында Италияның «Интері» Испанияның «Атлетико Мадрид» клубымен кездесті.
Ойын тағдырын 79-минутта италиялық командадан Марко Арнаутович соққан жалғыз гол шешті.
Осылайша «Интер» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір ойында Нидерландтың ПСВ командасы Германияның «Боруссия Дортмунд» клубымен 1:1 есебімен тең ойнады.
Кездесуде германиялық командадан Дониэлл Мален 24-минутта минутта есеп ашса, нидерландтық Люк де Йонг 56-минутта таразы басын теңестірді.
Енді 21 ақпанда «Порту» (Португалия) мен «Арсенал» (Англия), «Наполи» (Италия) мен
«Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын өз алаңында «Лейпциг» (Германия) «Реал Мадрид» (Испания) клубынан 0:1, «Копенгаген» (Дания) «Манчестер Сити» (Англия) клубынан 1:3 есебімен жеңілді.
Ал «Пари Сен-Жермен» (Франция) «Реал Сосьедад» (Испания) клубын 2:0, «Лацио» (Италия) «Бавария» (Германия) клубын 1:0 есебімен тізе бүктірді.