Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Бенфикаға» есе жіберді

«Қайрат» футзал командасы бүгін Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Португалияның «Бенфика» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazіnform.

футзалдан әлем чемпионаты
Фото: ҚР футбол федерациясы

Қазақстандық команда Косовоның Приштина қаласында В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово).

Элита сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады.

Оған басты үміткер ретінде қос команда аталып отыр.

Бүгінгі кездесуді португалиялық команда сәтті бастады. Ойынның 5 және 6-минутында олар екі гол соғып кетті.

Оған 8-минутта «Қайрат» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов бір голмен жауап қайырды.

Есесіне 12-минутта алматылық клуб өз қақпасына тағы бір гол жіберіп алса, олардың қатарынан Денер 36-минутта мергендік танытты.

Осылайша алматылық клуб қарсыласына 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Енді қазақстандық клуб 2 желтоқсанда Словакияның «Добовец» клубымен ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» «Приштина» командасын ірі есеппен жеңген.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Сондай-ақ, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.