Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші таймнан кейін КуПС командасын жеңіп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын бірінші кезеңнен кейін үш гол айырмасымен жеңіп жатыр. 

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші таймнан кейін КуПС командасын жеңіп жатыр
Фото: «Қайрат» футбол командасы

Алғашқы ойында алматылық клуб аталған қарсыласына 0:2 есебімен жол берген еді. Сондықтан алаң иелері алғашқы минуттан тізгінді өз қолдарына алуға тырысты.

Кездесу бастала сала қарсыластар қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. Нәтижесінде 9-минутта Дастан Сәтпаев есеп ашса, Жоржиньо 29, Валерий Громыко 44-минутта мергендік танытты. Осылайша «Қайрат» қарсыласынан бірінші кезеңнен кейін 3:0 есебімен басым түсті. Бұл есеп алматылық ұжымға аталған турнирдің үшінші іріктеу сатысына жолдама алуына мүмкіндік береді. 

Жарыстың аталған сатысында қазақстандық клуб «Слован» (Словакия) — «Зриньски» (Босния және Герцоговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.

Сондай-ақ еліміздің атынан «Астана» мен «Ақтөбе» Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта ойындарын өткізеді.