Чемпиондар лигасы: «Қайрат» екінші іріктеу кезеңіне шықты

АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде бүгін Словенияның «Олимпия» командасымен қарымта ойын өткізді.

«Қайрат» екінші іріктеу кезеңіне шықты
Фото: ҚФФ

Екі команда арасындағы бірінші кездесуде қарсыластар 1:1 есебіне қанағат білдіріп тарасқан еді. Сондықтан жеңімпаз бүгінгі ойында анықталатын.

Алғашқы минуттан қарсыластар бір-бірінің қақпасы маңында жиі шабуыл ұйымдастырды. 

Нәтижесінде 5-минутта «Қайрат» сапынан Жоржиньо мергендік танытты. 

Ал 31-минутта ол әріптесі Александр Мрынскийге голға айналған пас шығарып берді. Бірінші кезең алматылық клубтың басымдығымен аяқталды. 

«Олимпия» командасы 1945 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Еурокубок ойындарына алғаш рет 1966 жылы қатысты. Соңғы рет 2020/2021 жылғы маусымда еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне дейін жетті.

Бұл жұпта жеңімпаз атанған команда екінші іріктеу кезеңінде «КуПС» (Финляндия) мен «Милсами» (Молдова) жұбының жеңімпазымен ойнайды. 

Алматылық клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде

Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

Соңғы жаңалықтар