Чемпиондар лигасы: «Қайрат» финалға жолдама алды

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Чемпиондар лигасы жартылай финалында алматылық «Қайрат» Испанияның «Картахена» клубын жеңіп, финалға жолдама алды.

«Кайрат» сенсационно и вышел в финал футзальной Лиги Чемпионов
Фото: Sports.kz

Ойынның бірінші кезеңі тартысты өрбіді. Командалар бірден шабуылға көшті. Десе де бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Алматылық клубтан Алиссон 16-минутта мергендік танытса, 39-минутта испаниялық клуб таразы басын теңестірді.

Біірінші кезеңде командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. 

Екінші кезеңде «Картахена» басымдықты арттыра түсті. Гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Оған алматылық клуб ойыншылары лайықты қарсылық көрсетті. 

Ойынның 37-минутта Алиссон тағы бір голды өзінің еншісіне жазса, Деннис 39-минутта басымдықты арттырды. 

Ал 40-минутта «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтиден испаниялықтар мүлт кеткен жоқ.

Осылайша алматылық клуб қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, финалға жолдама алды. 

Сондай-ақ тағы бір жартылай финалда «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) ойнайды.

Финал 4 мамыр күні өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Алматылық команда бұған дейін бұл турнирде 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл жөнінен Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Олар 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.

Соңғы жаңалықтар