Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының алғашқы қарсыласы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» футбол командасының UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» командасымен кездеседі.

футбол
Фото: fckairat.com

Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы ойын 8 немесе 9 шілде күні Словенияда өткізілсе, қарымта кездесу Алматыда 15 немесе 16 шілдеге белгіленген.

Алматылық клуб еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен соңғы екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Венгрияның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі мәрте жеңіліп қалды.

«Олимпия» командасы 1945 жылы құрылған. Қазірге дейін өз елінде сегіз мәрте чемпион атанды. Еурокубок ойындарына алғаш рет 1966 жылы қатысты. Соңғы рет 2020/2021 жылғы маусымда еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіне дейін жетті.

Сондай-ақ биыл қазақстандық «Ақтөбе» Еуропа лигасы, «Ордабасы» және «Астана» Конференция лигасында ел намысын қорғайды.

 

Соңғы жаңалықтар