Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының ықтимал қарсыластары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан алматылық «Қайрат» командасының UEFA Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды.

Қайрат футбол
Фото: Қазақстан футбол федерацясы

UEFA регламенті бойынша «Қайрат» еленген топқа түсті.

Аталған турнирдің жеребе тарту рәсімі 22 маусымда өтеді. Бірінші іріктеу кезеңі 8-9, 15-16 шілде күндері болады.

Алматылық клубтың ықтимал қарсыластары қатарында Болгарияның «Лудогорец», Словенияның «Олимпия», Швецияның «Мальме», Литваның «Жальгирис», Латвияның РФС, Финляндияның КуПС, Гибралтардың «Линкольн», Косовоның «Дрита», Исландияның «Брейдаблик», Солтүстік Ирландияның «Линфильд», Черногорияның «Будучност» және зге де клубтар бар. 

Былтыр «Қайрат» ел біріншілігінде чемпион атағын жеңіп алды. Ал Куок иегері «Ақтөбе» еуропа лигасында сынға түссе, «Астана» мен «Ордабасы» Конференция лигасында ел намысын қорғайды. 

Еске салсақ, бүгін Еуропа лигасы финалында «Тоттенхэм» мен «Манчестер Юнайтед» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар