Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» командасының UEFA Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды.

Қазасқтандық команда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде 22 және 29 шілде күндері Финляндияның «КуПС» командасымен ойнайды. Екі ойынның нәтижесімен жарыстың келесі сатысына шыққан жағдайда алматылық клубтың ықтимал қарсыластары белгілі болды.
- «Копенгаген» (Дания) - «Дрита» (Косово) жұбының жеңімпазы
- «Линкольн» (Гибралтар) - «Црвена Звезда» (Сербия) жұбының жеңімпазы
- «Слован» (Словакия) - «Зриньски» (Босния және Герцоговина)
Ал алматылық клуб екінші іріктеу кезеңінде қарсыласына жол берген жағдайда Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алады. Олардың аталған турнирдің үшінші іріктеу кезеңіндегі ықтимал қарсыластары белгілі болды.
- «Риека» (Хорватия) - «Лудогорец» (Болгария) жұбының жеңілген командасы
- РФС (Латвия) - «Мальмё» (Швеция) жұбының жеңілген командасы
- «Линкольн Ред Импс» (Гибралтар) - «Црвена Звезда» (Сербия) жұбының жеңілген командасы
Еурокубок ойындары үшінші іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі бүгін өткізіледі.
Айта кетсек, алматылық команда Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0) клубын қапы қалдырып кетті.