Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасына есе жіберді

АСТАНА. KAZINFORM — Алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде бүгін Финляндияның «КуПС» командасымен кездесті.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «КуПС» командасына есе жіберді
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Ойын екі команданың алма-кезек шабуылымен өтті. Кейбір сәтте футболшыларға дәлдік жетпей жатты. Нәтижесінде бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде финляндиялық қақпашылар бірден қақпаға лап қойды. Ойынның 49-минутында Мохамед Туре «Қайрат» қақпасынан саңылау тапса, Яакко Оксанен 71-минутта басымдықты арттырды. 

Кездесуде алматылық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберді. 
Қарымта кездесу 29 шілде күні өткізіледі.

Жарыстың Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде «КуПС» командасын қапы қалдырған жағдайда жарыстың одан кейінгі сатысында «Слован» (Словакия) мен «Зриньски» (Босния және Герцоговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ал алматылық команда Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде есе жіберген жағдайда Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде РФШ (Латвия) мен «Мальмё» (Швеция) жұбының жеңілген командасымен кездеседі.

Ал бірінші іріктеу кезеңінде алматылық команда екі ойынның нәтижесімен Словенияның «Qлимпиясын» (1:1, 2:0) есебімен жеңді.

Соңғы жаңалықтар