Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Пальма» құрамын жариялады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық «Қайрат» пен Испанияның «Пальма» командалары футзалдан Чемпиондар лигасы финалына шығатын құрамын жариялады.

«Қайрат»: Деннис, Эдсон, Тұрсағұлов, Оразов, Аррьета. Серіков, Рашит, Денер, Занотто, Кайо Руис, Отанья, Геге, Мендес, Алиссон.
«Пальма»: Мюллер, Ривильос, Негиньо, Фабиньо, Марсело. Барбиери, Баррон, Гомес, Пенья, Эрнесто, Гордильо, Машадо, Матеус Майя, Шаруто.
Ойын Қазақстан уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазірге дейін қарсыластар екі мәрте кездесті. Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде 2022 жылы алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түссе, 2023 жылы испаниялық команда 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ол жолы өз тобында «Пальма» бірінші орын алса, «Қайрат» үшінші орынға тұрақтады. Екеуі де жарыстың келесі сатысына шықты.
Алматылық команда бұған дейін бұл турнирде 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл жөнінен Еуропа құрлығындағы клубтар арасында абсолютті рекордты тіркеді. Олар 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.
Ал «Пальма» аталған турнирде 2022/23, 2023/24 жылдары жеңімпаз болды.