Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Реал Мадрид» кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі
АСТАНА. KAZINFORM - UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі 2-турындағы қазақстандық «Қайрат» пен Испанияның «Реал Мадрид» ойыны қазақстандық қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды.

Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрстіледі.
Алғашқы турда алматылық клуб сырт алаңда «Спортинг» (Португалия) командасына 1:4 есебімен жол берді.
Алматылық клуб енді «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Жарыс ережесіне сәйкес 1-8 орын алған командалар бірден 1/8 финалға жолдама алады. Ал 9-24 орын алған клубтар 1/16 финалда сынға түсіп, жарыстың келесі сатысына шығады. Қалған командалар еурододадағы жарыс жолын аяқтайды.