Чемпиондар лигасы: Мадридтік «Реал» қырқыншы рет ширек финалға шығып, рекорд жасады

АСТАНА. KAZINFORM – «Реал» (Мадрид) клубы УЕФА Чемпиондар лигасында ширек финалға шығу саны жөнінен теңдессіз нәтижеге қол жеткізді.

футбол
Фото: Сhampionat.com

Журналист әрі инсайдер Педро Мартиннің мәлім еткеніндей, корольдық команда өз тарихында қырқыншы рет ширек финалға жолдама алды.

«Реал» соңғы бес маусым бойы қатарынан ширек финалға өтіп, соның екеуінде жеңімпаз атанды.

Бұл көрсеткіш жөнінен мюнхендік «Бавария» екінші орында тұр, олар ширек финалға 34 рет шыққан. Каталониялық «Барселона» үшінші сатыда.

Италиялық маман Карло Анчелотти жаттықтыратын «Реал» 1/8 финалда тағы бір мадридтік клуб «Атлетиконы» пенальти сериясында қапы қалдырды.

Өткен жылы осы турнирде үздік шыққан мадридтік клуб ширек финалда лондондық «Арсеналмен» ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ағылшын шабуылшысы Гарри Кейннің Чемпиондар лигасында рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар