Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» командасының алғашқы қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 18 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында 2024/2025 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу кезеңінде қазақстандық «Ордабасы» Молдованың «Петрокуб» командасымен ойнайды.

Аталған команда 1999 жылы құрылған. Биыл алғаш рет Молдова чемпионы атағын жеңіп алды.
Шымкенттік ұжым былтыр алғаш рет Қазақстан чемпоны атанды. Одан бұрын 2017, 2019 жылдарда қола жүлдеге қол созды.
«Ордабасы» бұдан бұрын Еуропа лигасы және Конференция лигасы турнирлерінде бақ сынады.
Сондай-ақ бүгін 18:00–де Еуропа лигасы бірінші іріктеу сатысындағы «Тобылдың» қарсыласы белгілі болады.
Аталған турнирде елордалық «Астана» командасы екінші іріктеу сатысынан бастайды.
Ал 19:00–де Конференция Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысының жеребесі тартылады.
Оған еліміздің атынан «Ақтөбе» командасы қатысады.