Чемпиондар лигасы: «Ордабасы» - «Петрокуб» кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі

«Ордабасы»
Фото: Кazfootball.kz

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы қазақстандық «Ордабасы» мен Молдованың «Петрокуб» командасының кездесуі қай телеарнадан көре алатыны белгілі болды.

Кездесу 10 шілдеде сағат 20:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.

Шымкенттік клуб былтыр ел біріншілігінде тұңғыш мәрте чемпион атанды. Нәтижесінде биыл алғаш рет Чемпиондар лигасында бақ сынауға мүмкіндік алды. 

«Петрокуб» командасы 1999 жылы құрылған. Бұл клубта да өз елінде алғаш рет чемпиондық атақты жеңіп алды. 

Сондай-ақ олар екі мәрте (2020/21, 2021/22) күміс, үш мәрте (2017, 2018, 2019) қола жүлдегер атанды.

Ал, 2019/20, 2023/24 жылдарда Молдова кубогының жеңімпазы болды.

Айта кетсек, биыл Еуропа лигасында қостанайлық «Тобыл», Конференция лигасында елордалық «Астана» және «Ақтөбе» командалары ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар