Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» қарсыласын ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің жетінші туры мәресіне жетті.

Аталған турда 22 қаңтарда испаниялық «Реал Мадрид» өз алаңында Австрияның «РБ Зальцбург» командасын тас-талқан етіп жеңді.
Корольдік клуб бұған дейін сәтсіз ойын көрсетіп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алған еді. Сондықтан аталған кездесуде бірден тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде олардың қатарынан Родриго 23, 34, Винисиус Жуниор 77, 85, Килиан Мбаппе 48-минуттарда мергендік танытты. Оған австриялық клуб бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Реал Мадрид» қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктіріп, турнир кестесінде он алтыншы орынға көтерілді.
Енді 29 қаңтарда сегізінші турда «Реал Мадрид» Францияда «Брестпен» кездессе, «РБ Зальцбург» Испанияның «Атлетико Мадрид» клубын өз алаңында қабылдайды.
Аталған турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
21 қаңтар.
«Монако» (Франция) — «Астон Вилла» (Англия) 2:1
«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Байер» (Германия) 2:1
«Бенфика» (Португалия) — «Барселона» (Италия) 4:5
«Аталанта» (Италия) — «Штурм» (Австрия) 2:1
«Ливерпуль» (Англия) — «Лилль» (Франция) 2:1
«Болонья» (Италия) — «Боруссия Дортмунд» (Германия) 2:1
«Брюгге» (Бельгия) — «Ювентус» (Италия) 0:0
«Црвена Звезда» (Бельгия) — ПСВ (Нидерланд) 2:3
«Слован Братислава» (Словакия) — «Штутгарт» (Германия) 1:3
22 қаңтар
«РБ Лейпциг» (Германия) — «Спортинг» (Португалия) 2:1
«Пари Сен-Жермен» (Италия) — «Манчестер Сити» (Англия) 4:2
«Шахтер Донецк» (Украина) — «Брест» (Франция) 2:0
«Арсенал» (Англия) — «Динамо Загреб» (Хорватия) 3:0
«Селтик» (Шотландия) — «Янг Бойз» (Швейцария) 1:0
«Милан» (Италия) — «Жирона» (Испания) 1:0
«Фейеноорд» (Нидерланд) — «Бавария» (Германия) 3:0.
Енді алдағы тур ойындары 29 қаңтар күні өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Еуропа лигасында Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташ» командасы ірі есеппен жеңіске жетті.