Чемпиондар лигасы: «Селтик» - «Қайрат» кездесуінде кім төрешілік жасайды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды.

Бұл ойында бас төреші міндеті норегиялық Эспен Эскосқа жүктелген. Оған отандастары Ян-Эрик Энган пен Андерс-Олав Дале көмектеседі. Төртінші төреші норвегиялық Мариус Хансен-Гретта.
Бұл кездесу 20 тамыздан 21-не қараған түні сағат 00:00-де «Селтик Парк».стадионында басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) қапы қалдырып кетті.
«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастайды.
Шотландиялық клуб 1887 жылы құрылған. Содан бергі кезеңде өз елінде 55 мәрте чемпион атанып, 42 мәрте Шотландия кубогына ие болды. 1967 жылы Еуропа чемпиондар кубогын төбесіне көтерді.
Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті.
Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерді» (0:2, 3:0) орта жолда қалдырып, топтық кезеңге жолдама алды.
Ал елордалық «Астананы»2016 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде (1:1, 2:1), 2017 жылы плей-офф кезеңінде (5:0, 3:4) есебімен қапы қалдырды.