Чемпиондар лигасы: «Семей» футзал клубы cловакиялық қарсыласын ірі есеппен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Семей» футзал клубы Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіндегі үшінші ойынын словакиялық «Мимель Лученец» командасына қарсы өткізіп, ірі есеппен жеңіске жетті. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

футзал
Фото: sports.kz

Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Семейлік клубтың легионері Дедезиньо покер жасады. Ол 5, 10, 23 және 30-минутта көзге түсті. Феррао (6), Шыңғыс Есенаманов (9), Ержан Кәрменов (35) және Вашингтон Луи (38) бір голдан соғып, есепті еселей түсті. Словакиялық команданың ​​сапында Хуан Молеро ғана ойынның 31-минутында жұбаныш голын салды.

Бұл жеңісінен кейін семейліктер D тобында 6 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Осы топтағы польшалық «Рекорд» пен испаниялық «Пальма» командалары 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматының «Қайрат» командасы футзалдан Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне шыққанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар