Чемпиондар лигасы: ширек финалға кімдер шығады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары басталады.
Плей-офф кезеңінде қарсыластарын қапы қалдырған «Ньюкасл Юнайтед», «Байер Леверкузен», «Атлетико Мадрид», «Будё-Глимт», «Галатасарай», «Пари Сен-Жермен», «Реал Мадрид», «Аталанта» командалары жарыстың келесі сатысына шықты.
Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал», «Бавария», «Ливерпуль», «Тоттенхэм Хотспур», «Барселона», «Челси», «Спортинг», «Манчестер Сити» клубтары бірден ширек финалға жолдама алды.
17 наурыз
«Челси» (Англия) — «Пари Сен-Жермен» (Франция) (бірінші ойын 2:5)
«Манчестер Сити» (Англия) — «Реал Мадрид» (Испания) (0:3)
«Спортинг Лиссабон» (Португалия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) (0:3)
«Арсенал» (Англия) — «Байер Леверкузен» (Германия) (1:1)
Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35–те «Спортинг Лиссабон» (Португалия) — «Будё-Глимт» (Норвегия), 00:50–те «Манчестер Сити» (Англия) — «Реал Мадрид» (Испания) «Qazsport», «Челси» (Англия) — «Пари Сен-Жермен» (Франция) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
18 наурыз
«Бавария» (Германия) — «Аталанта» (Италия) (6:1)
«Тоттенхэм Хотспур» (Англия) — «Атлетико Мадрид» (Испания) (2:5)
«Ливерпуль» (Англия) — «Галатасарай» (Түркия) (0:1)
«Барселона» (Испания) — «Ньюкасл» (Англия) (1:1).
Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35–те «Барселона» (Испания) — «Ньюкасл» (Англия), 00:50–де «Ливерпуль» (Англия) — «Галатасарай» (Түркия) ойындары «Qazsport», «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) — «Атлетико Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Енді 1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, ¼ финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.
Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса, финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.