Чемпиондар лигасы: Ширек финалға жолдама алған командалар белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасының 1/4 финалына соңғы екі жолдама «Атлетико Мадрид» және «Боруссия Дортмунд» командаларына бұйырды.

Алғашқы кездесуде Испанияның «Атлетико Мадрид» және Италияның «Интер» командалары кездесті.
Ойын барысында испаниялық клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Бірінші матчта италиялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қос ойынның нәтижесімен есеп теңесіп, овертаймға ұласты. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальтиде «Атлетико Мадрид» клубының жолы болды.
Тағы бір кездесуде Германияның «Боруссия Дортмунд» клубы Нидерландтың ПСВ командасын 2:0 есебімен қапы қалдырып кетті. Алғашқы ойында 1:1 есебі тіркелді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барселона», «Арсенал», «Пари Сен-Жермен», «Бавария», «Реал Мадрид», «Манчестер Сити» командалары жарыстың келесі сатысына жолдама алған еді.
Енді ширек финалдың жеребесі 15 наурызда тартылады. Ширек финал 9 және 10, 16 және 17 сәуір күндері өткізілсе, жартылай финал 30 сәуір-1 мамыр, 7-8 мамыр күндеріне белгіленген. Финал 13 маусымда Англияның «Уэмбли» стадионында болады.