Чемпиондар лигасы: «Ювентус» плей-офф кезеңінен аса алмады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңі мәресіне жетті.
Бұл кезеңде Италияның «Ювентус» командасы қарымта кездесуде Түркияның «Галатасарайын» 3:2 есебімен жеңген еді. Алғашқы ойында олар қарсыласына 2:5 есебімен есе жіберді. Салдарынан жарыс жолынан шығып қалды.
25 ақпан
«Ювентус» (Италия) — «Галатасарай» (Түркия) 3:2 (бірінші ойын 2:5)
«Пари Сен-Жермен» (Франция) — «Монако» (Франция) 2:2 (3:2)
«Реал Мадрид» (Испания) — «Бенфика» (Португалия) 2:1 (1:0)
«Аталанта» (Италия) — «Боруссия Дортмунд» (Германия) 4:1 (0:2).
24 ақпан
«Ньюкасл Юнайтед» (Англия) — «Карабах» (Әзербайжан) 3:2 (бірінші ойын 6:1)
«Байер» (Германия) — «Олимпиакос» (Грекия) 0:0 (2:0)
«Атлетико Мадрид» (Испания) — «Брюгге» (Бельгия) 4:1 (3:3)
«Интер Милан» (Италия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) 1:2 (1:3)
Алғашқы ойындар 17 және 18 ақпан күндері өткізілді.
Ал негізгі кезеңде үздік сегіздікке іліккен «Арсенал» (Англия), «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия), «Тоттенхэм Хотспур» (Англия), «Барселона» (Испания), «Челси» (Англия), «Спортинг» (Португалия), «Манчестер Сити» (Англия) клубтары бірден ширек финалға жолдама алады.
Енді 1/8 финал ойындары 10 және 11 наурыз күндеріне белгіленген
Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында италиялық «Интер Милан» Норвегияның «Будё-Глимт» клубына жол берді.