Чемпиондар лигасы: «Бавария» алтыншы мәрте жеңімпаз атанды
Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өткен финалдық ойында Германияның «Бавария» және Францияның «Пари Сен-Жермен» командалары кездесті. Екі команда да жеңіске жетуге барын салды. Бүгінгі күнге дейін «Бавария» финалға он мәрте шығып, оның бесеуінде чемпион атанған еді. Ал «Пари Сен-Жермен» жарыстың алғашқы сатысында тұңғыш мәрте бақ сынап отыр.
Бүгінгі кездесуде екі команда тарапынан шабуыл көбірек өрбіді. Бірінші кезеңде олардың тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Десе де оны футболшылар голға айналдыра алған жоқ.
Екінші кезеңдегі ойын барысы сондай қарқында болды. Үзілістен кейін қос команда бір-бірінің қақпасынан саңылау іздеуге тырысты. Ойынның 59-минутында Кингсли Коман «Бавария» командасын алға шығарды. Кездесуде неміс командасы 1:0 есебімен жеңіске жетті.
«Бавария» осылайша өз тарихында алтыншы мәрте аталған турнирдің жеңімпазы атанды. Бұдан бұрын неміс командасы 1974, 1975, 1976, 2001, 2013 жылдарда чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.
Айта кетер болсақ, Чемпиондар лигасының ширек финалынан бастап қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтті. Ол сегіздік финалы форматында ойналды.