Чемпиондар лигасы: «Бавария» «Манчестер Ситиден» есе қайтара ала ма

Екі ойынның бірінде «Интер» (Италия) мен «Бенфика» (Португалия) кездеседі.
Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның үшеуінде «Интер» жеңіске жетсе, екі кездесу тең аяқталды.
Ширек финалдың алғашқы ойынында италиялық клуб 2:0 есебімен басым түсті.
Тағы бір кездесуде «Бавария» (Германия) мен «Манчестер Сити» (Англия) командалары шеберлік байқасады.
Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін тоғыз мәрте кездесті. Англиялық клуб бес, германиялық команда төрт мәрте жеңіске жетті.
Ширек финалдың алғашқы ойыны 3:0 есебімен «Манчестер Сити» командасының басымдығымен аяқталды.
Финал 10 маусымда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Милан» мен «Реал Мадрид» жартылай финалға шықты.