Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» жарыс жолынан шығып қалды

«Ливерпуль» өз алаңында Испанияның «Атлетико» (Мадрид) командасымен шеберлік сынасты. Үш аптадан астам уақыт бұрын 1/8 финалдың алғашқы кездесуінде олар аталмыш қарсыласынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Сол себепті олар ойын басынан алға ұмтылды. Олардың қатарынан 43-минутта Жоржиньо Вейналдум ағылшындық клубты алға шығарды. Кездесу 1:0 есебімен тең аяқталды. Екі ойын барысындағы есеп 1:1 болды. Нәтижесінде ойын қосымша екі кезеңге созылды. Бұл кезеңде «Ливерпуль» сапынан 94-минутта Роберто Фирмино 94, «Атлетикодан» Маркос Льоренте 97, 105, Альваро Марата 120-минуттарда гол соқты. Нәтижесінде алаң иелері 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Қос ойынның қорытындысымен испандық клуб жарысты жалғастыратын болды.
Ал Францияның ПСЖ клубы Германияның «Боруссия» (Дортмунд) клубынан 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді. Бірінші кезеңде француз футболшылары қарсылас қақпасына екі гол соғып үлгерді. Оны 31-минутта Неймар, 45-минутта Хуан Бернат орындады. Ойында ПСЖ 2:0 есебімен жеңіп, 1/4 финалға жолдама алды.
Бұдан бұрын 10 наурызда Италияның «Аталантасы» Испанияның «Валенсия», Германияның «РБ Лейпцигі» Англияның «Тоттенхэм Хотспурын» орта жолда қалдырып, ширек финалға жолдама алды.
Енді 17 және 18 наурыз күндері 1/8 финалдың қалған төрт ойыны өткізіледі. Алдымен 17 наурызда «Манчестер Сити» (Англия) - «Реал Мадрид» (Испания), «Ювентус» (Италия) - «Лион» (Франция), «Барселона» (Испания) - «Наполи» (Италия), «Бавария» (Германия) - «Челси» (Англия) командалары кездеседі.