Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» есе қайтара ала ма

None
Фото: championat.com
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың 9-нан 10-на қараған түні UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойын өткізіледі деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) кездеседі.

Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойынңа португалиялық Артур Суареш Диаш төрешілік жасайды. Оған отандастары Паулу Суареш пен Педру Рибейру көмекшілік етеді. Қосалқы төреші - италиялық Даниэле Орсато.

Екі команда бұған дейін он мәрте кездесті. Командалар төрт-төрттен жеңіске жетсе, екі кездесу тең аяқталды.

Қарсыластар былтыр Чемпиондар лигасы жартылай финалында кездесті. Екі ойынның нәтижесімен «Реал Мадрид» (3:1, 3:4) финалға жолдама алған еді.

Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде 14 мәрте жеңімпаз атанды.

Ал «Манчестер Сити» 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққанымен, қарсыласына есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ, мамырдың 10-нан 11-не қараған түні тағы бір жартылай финалда «Интер» (Италия) мен «Милан» (Италия) кездеседі.

Еске салсақ, Лучано Спалетти Италия чемпионатын ұтқан ең жасы үлкен бапкер атанды.


Соңғы жаңалықтар