Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» жаңа рекорд жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Испанияның «Реал Мадрид» клубы футболдан UEFA Чемпиондар лигасында рекорд жаңартты. Ол өзінің тарихына аталған турнирдің жартылай финалына 14 мәрте шығып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Чемпиондар лигасы: «Реал Мадрид» жаңа рекорд жасады

Испандық клуб 14 сәуірде сырт алаңда Англияның «Ливерпуль» клубымен 0:0 есебімен тең ойнады. Алғашқы кездесуде «Реал Мадрид» 3:1 есебімен тізе бүктірген еді. Екі ойынның нәтижесімен испандық клуб жартылай финалға шықты.

Кеше тағы бір кездесуде Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы өз алаңында «Манчестер Сити» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. Неміс футболшылары дәл сол есеппен апта бұрын да жеңіліп қалған болатын.

Енді 27 сәуір мен 4 мамырда «Манчестер Сити» мен «Пари Сен -Жермен» (Франция), «Челси» (Англия) мен «Реал Мадрид» командалары шеберлік байқасады.

Финал 29 мамырда Түркияның Ыстанбұл қаласындағы «Ататүрік» олимпиадалық стадионында өтеді.