Чемпиондар лигасы: «Тоттенхэм Хотспурс» финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына шыққан екінші команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Голландияда «Аякс» Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасын қабылдады. Англияда өткен алғашқы кездесуде голландықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Сондықтан олардың финалға шығу мүмкіндігі басым болып тұрды.

Былтыр «Аякс» командасына Эрик тен Хаг бас бапкерлік қызметке келді. Содан бері команда тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізе бастады. Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде Е тобында сынға түсті. Азулы «Бавариямен» екі мәрте тең ойнады. Екінші орынмен жарыстың 1/8 финалына шығып, онда Испанияның «Реал Мадрид» клубын орта жолда қалдырып кетті. Одан кейін ширек финалда Италияның «Ювентусын» жеңді. Енді Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубынан да басым түсті. Англияда өткен алғашқы кездесуде 1:0 есебімен ұтқан олар өз алаңында да ширек қимылдай білді.null

Бүгінгі кездесуде «Аякс» жылдам гол соғып кетті. Олар 5-минутта есеп ашты. Бұл голды Матейс де Лит шебер орындай білді. Ал 35-минутта таблода «Аякстың» басымдығын көрсеткен 2:0 есебі жанып тұрды.

Сылбыр ойынымен финалға шығудан шет қалатынын түсінген «Тоттенхэм Хотспур» ойыншылары шабуылға көбірек көңіл бөле бастады. Нәтижесінде небәрі төрт минут ішінде алаң иелері қақпасына екі гол соғып кетті. Бұл гол 55 және59-минуттарда Лукас Моураның еншісіне жазылды. Ал ойынның бітуіне санаулы минуттар қалғанда ағылшындар жеңіс голын соқты. Бұл жолы да Лукас Моура мергендік танытты. Осылайша олар сырт алаңда 3:2 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.null

Айта кетерлігі, «Тоттенхэм Хотспурс» бүгінгі күнге дейін бірде-бір мәрте Чемпиондар лигасында жеңіске жетіп көрмеген екен. Сол олқылықтың орнын биыл толтыруға әбден болады. Енді олар финалда Англияның «Ливерпуль» клубымен шеберлік байқасады.

Естеріңізге сала кетелік, кеше Англияның «Ливерпуль» клубы өз алаңында Испанияның «Барселонасын» 4:0 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа жолдама алған еді. Финал 1 маусымда Испания астанасы - Мадрид қаласындағы ««Метрополитано» стадионында өткізіледі.

null null

Соңғы жаңалықтар